07.05.2010, 18:29 3195

Қазақстан президенті ардагерлерге пәтер кілттерін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыс етті

Қазақстан президенті ардагерлерге пәтер кілттерін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыс етті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тәуелсіздік сарайында ардагерлерге пәтер кілттерін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан өңірлерінен келген 16 ардагерге пәтер кілттері табыс етілді.

"Бүгін Қазақстанның шартарабынан өкілдер жиналды. Сіздер менің жалынды сөздерімді, біздің ұрпақтың өздеріңізге деген тағзымымызды соғыстың сұрапыл жылдарын бастан кешірген ұрпақ өкілдерінің баршасына жеткізесіздер деп сенемін. Сіздер сол алапат жылдардағы барлық ауыртпалықтарды мойындарыңызбен көтердіңіздер және еңбектеріңізді жалғастырып, Қазақстанды қалыптастыруға, мемлекетті дамытуға орасан зор үлес қостыңыздар. Біз сонымен бірге соғыстан оралмаған боздақтарды да жадымыздан шығармауға тиіспіз", деді Н. Назарбаев салтанаты рәсімде.

Елбасы ардагерлердің соғыстың отты жылдарынан аман-есен өтіп, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының куәгерлері болғандарын айта келе: "Сіздер қазіргі таңда ұлдарыңыз бен қыздарыңыздың қызығын көріп, жемісін жеп отырсыздар", деді.

"Ардагерлерге құрмет көрсету арқылы біз өз балаларымыз бен немелерімізге өз отанын қорғау үшін қаны мен жанын аямайтын жандар ешқашан ұмыт болмайды, олар өлмейді дегенді айтып отырмыз",- деді президент

Мемлекет басшысы ардагерлермен бірге Тәуелсіздік сарайында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған концертті тамашалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны