31.08.2016, 19:56 7307

Қазақстан Президенті "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінде болды

Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінде болды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы "Қазақстан" павильоны құрылысыныӊ барысымен, сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.
Ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттыӊ тақырыптық тұжырымдамасы "Болашақ энергиясыныӊ мұражайы" ретінде көрініс тапқан. Ғимараттыӊ 7 қабатында энергияныӊ негізгі түрлерін таныстыру жоспарлануда.
Конгресс-орталық халықаралық конгрестер, конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да іс-шаралар өтетін көпфункциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны