26.04.2017, 11:09 5165

Қазақстан Президенті Астана қаласыныӊ нысандарын аралады

Мемлекет басшысы жоспардан тыс жұмыс сапары барысында елорданыӊ оӊ жағалауындағы теміржол вокзалыныӊ қызметімен танысып, вокзал маӊындағы алаӊда қала қонақтарымен, тұрғындармен кездесті.

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті кеше Астана қаласыныӊ нысандарын аралады,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жоспардан тыс жұмыс сапары барысында елорданыӊ оӊ жағалауындағы теміржол вокзалыныӊ қызметімен танысып, вокзал маӊындағы алаӊда қала қонақтарымен, тұрғындармен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Сарыарқа" ауданыныӊ тұрғындарымен әӊгімелесіп, оларға табыс пен бақ-береке тіледі, сондай-ақ қаланыӊ коммуналдық шаруашылық саласы қызметініӊ жұмысы туралы ойларын тыӊдады.

- Мен жас маман ретінде 10 жылға жуық пәтер кезегінде тұрдым. Қазір заман басқа. Ұмтылыссыз ештеӊеге қол жетпейді. Табысқа жету үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеу қажет, сонда ғана еӊбектіӊ жемісін тата аласыздар, - деді Елбасы "Сарыарқа" ауданындағы тұрғын үй кешенініӊ бірініӊ тұрғындарымен әӊгімелесу барысында.

Қазақстан Президенті қаланыӊ қысқы маусымнан кейінгі жағдайыныӊ жақсы екеніне тоқталып, шаһардыӊ қызмет көрсету мекемелері жұмысыныӊ нәтижелерін және елорданы абаттандыру, тазалықты сақтау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы автомобиль жолдарындағы кептеліс проблемалары мен көлік қоятын орындардыӊ жетіспеушілігіне назар аударды.

- Жолдарда көлік өте көп. Қала басшылығы бұл мәселені шешудіӊ жолдарын қарастыруы керек. Қажет болған жағдайда, шетелдік тәжірибе зерттелуге тиіс. Сонымен қатар түрлі ғимараттардыӊ, сауда үйлері мен дүкендердіӊ иелері әріптестерімен бірлесіп, өз аумағындағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуі қажет, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланыӊ "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне уақтылы дайындығыныӊ маӊыздылығын айтып, барлық тұрғындарды елорданы көгалдандыру ісіне белсене атсалысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны