06.05.2010, 16:30 3361

Қазақстан президенті Астана маңындағы әскери бөлімде болып, дала асханасында тамақтанды

Қазақстан президенті Астана маңындағы әскери бөлімде болып, дала асханасында тамақтанды

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордасының іргесіндегі Ақмол кентінде орын тепкен Астананың әуе қорғанысын қамтамасыз ететін 44813 әскери бөлімде болды, дала асханасында тамақтанып, жауынгерлермен бірге "Катюшаны" шырқады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мемлекет басшысы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында мемлекет басшысы осы әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығымен танысты.

Атап айтқанда, президент мұндағы зениттік-зымырандық девизионның шартты әуе нысанын жою іс-қимылдарымен танысты. Сондай-ақ мемлекет басшысына әуе қарсыласының соққысына тойтарыс беретін көп мақсаттағы зымыранды кешен жауынгерлік тобының іс-қимылдары да көрсетілді. Мұнымен қоса ҚР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Н. Назарбаев авиацияның жауынгерлік тапсырмалардан кейін ұшып келу шараларын бағалады. Аталған әуе шеруінде әскери авиацияның Ми-17 тікұшағы, төртінші буындағы қос Су-27 ұшағы және жаңа буындағы МиГ-31 жойғыш ұшақтары сап түзеді.

Иуе қорғаушыларының тәжірибе сабақтарынан соң Елбасы шатырлы қалашықта әскери бөлімнің жеке құрамымен жүздесті. Бұл жерде Қазақстан президенті мен жауынгерлер соғыс жылдарындағы әндерді, соның ішінде "Катюшаны" айтты. Жауынгерлер Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге суретке түсті. Бұдан кейін Елбасы жауынгерлермен бірге дала асханасында тамақтанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны