21.12.2009, 18:47 2929

Қазақстан президенті Астана және Алматы митрополиті Мефодийді қабылдады

Қазақстан президенті Астана және Алматы митрополиті Мефодийді қабылдады

Алматы. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында Астана және Алматы митрополиті Мефодийді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мен мемлекет басшысын Қазақстандағы православия шіркеуінің атқарып жатқан істері жайынан хабардар еттім және онымен Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Кириллдің алдағы уақытта біздің елімізге сапары туралы мәселені талқыладым. Патриархтың сапары келесі жылдың қаңтарының екінші онкүндігіне жоспарланған және Астана мен Алматыда жалғасын табатын болады", - деп мәлімдеді журналистерге Мефодий Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны