10.09.2017, 14:35 3572

Қазақстан Президенті Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті

- Сізді "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін және Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін табысты өткізуіӊізбен құттықтаймын, - деді М.Ғани.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Президентіне Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

- Жоғары деӊгейдегі кездесулеріміз тұрақты сипатқа ие болып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын білдіреді. Қазақстан көп бейнет көрген бауырлас ауған халқына тұрақтылық тілейді, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мүмкіндігіне қарай Ауғанстанға көмек көрсетіп келе жатқанын айтты.

- Атап айтқанда, біз жастарға білім беру, гуманитарлық көмек көрсету салаларында қолдау жасауды жалғастырамыз, - деді Қазақстан Президенті.

Ауғанстан Президенті Саммитке қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

- Сізді "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін және Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін табысты өткізуіӊізбен құттықтаймын, - деді М.Ғани.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны