23.10.2012, 10:39 2701

Қазақстан Президенті Австрия Парламенті Ұлттық кеңесінің басшысымен кездесті

Кездесуде Қазақстан мен Австрия арасындағы саяси өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі талқыланды. Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту үшін екі елдің заң шығаратын органдарының байланысын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Астана. 23-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасы Парламенті Ұлттық кеңесінің Президенті Барбара Праммермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуде Қазақстан мен Австрия арасындағы саяси өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі талқыланды. Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту үшін екі елдің заң шығаратын органдарының байланысын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Австрия Парламентінің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, онда Австрия халқының игілігі мен біртұтас Еуропаны өркендетуде заң шығару қызметінде депутаттарға табыстар тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны