28.05.2007, 17:51 2962

Қазақстан президенті Азия олимпиадалық кеңесінің орденімен марапатталды

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Азия олимпиадалық кеңесінің орденімен марапатталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл сыйлықты Азия олимпиадалық кеңесінің президенті, Кувейт мемлекетінің ұлттық қауіпсіздік министрі Шейх Ахмад Ил-Фахд Ил Сабах Азиядағы олимпиадалық ойындарды дамытуға қосқан үлесі үшін табыс етті.

"Кездесу барысында Қазақстан президентін Азия олимпиадалық кеңесінің орденімен марапаттадық. Ол біздің кеңестің ең жоғарғы наградасы болып табылады. Н.Назарбаевты осы орденмен марапаттау Қазақстанның өз еліндегі және Азия аймағындағы спортты дамытуға қосып жатқан зор үлесіне біздің берген жоғары бағамыз болып табылады. Азиялық олимпиадалық кеңесі атынан Қазақстан президентіне, Қазақстан халқына келесі 2011 жылғы Азиялық қысқы олимпиадалық ойындарға дайындығы үшін үлкен алғысымды білдіремін және табыс тілеймін", - деді Азия олимпиадалық кеңесінің президенті журналистерге арналған брифингте.

Шейх сондай-ақ Қазақстан басшысына Кувейт әмірінің ыстық сәлемін жеткізді.

"Кувейттің Қазақстанмен әрқашан экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық байланыстырды дамытуға дайындығына сенім білдірдім", - деді ол.

Азия олимпиадалық кеңесі Азиядағы спорттық қозғалыстардың жетекші органы болып табылады. Ол спорттағы жоғары жетістіктерді бақылауға және қолдауға уәкілетті. Азия олимпиадалық кеңесі осы кеңеске мүше елдердегі спорттық іс-қызметті үйлестіреді, әрбір төрт жыл сайын жазғы және қысқы Азия ойындарын өткізеді, Азия құрлығында олимпиада қозғалысының жоғарғы идеалдарын насихаттаумен шұғылданады.

Азия олимпиадалық кеңесінің ордені - кеңестің жоғарғы сыйлығы. Ол мемлекеттік қайраткерлерге және халықаралық спорттық ұйымдардың жетекшілеріне Азияда олимпиада қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны