25.01.2017, 22:47 18219

Қазақстан Президенті билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 2017 жылғы 25 қаӊтарда, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 2017 жылғы 25 қаӊтарда, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жария етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Агенттік Ақорда жария еткен, Қазақстан Республикасы Президентініӊ билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуініӊ мәтінін ұсынады:

"Құрметті қазақстандықтар!

Сіздердіӊ назарларыӊызға еліміз үшін аса маӊызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын.

Бұл - Конституция мен заӊдарға өзгерістер енгізу.

Біздіӊ алдымызда билік тармақтарыныӊ өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр.

Қазір заманныӊ дидары өзгерді.

Біз де өзгеруге тиіспіз.

Сол себепті, мемлекеттіӊ басқару жүйесін де жаӊғыртатын кез келді.

Мен елдіӊ мүддесі мен заманныӊ талабын, ұрпақтыӊ болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.

Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады.

Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады.

Біріншіден, Президенттіӊ әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн.

Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады.

Өкілеттіктерді беру тиісті заӊдарды өзгерту арқылы іске асады.

Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттіӊ сессияныӊ аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс.

Екіншіден, одан да күрделі міндет - билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деӊгейде теӊгерімді ету.

Осы реформаныӊ аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттіӊ рөлін күшейтеміз.

Парламент сайлауында жеӊген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады.

Бұл министрлер кабинетініӊ өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Тиісінше, биліктіӊ заӊ шығарушы тармағыныӊ атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.

Айтылған екі бағыттыӊ қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді.

Жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын әзірлеуі қажет".

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформа жобасыныӊ бүкілхалықтық талқылауға ұсынылатынын айтты.

"Біз ешқашан мемлекеттік басқарудыӊ үлгілерін басқалардан көшірген емеспіз. Біз халықаралық тәжірибені ескере отырып өзіміздіӊ теӊдесі жоқ шешімдерімізді тауып отырдық.

Ұсынып отырған бұл реформа еӊ әуелі өз тәжірибемізге және Қазақстанныӊ өз сұраныстарына сүйенеді. Біз айтып отырған реформалар бағдарламасы Қазақстан қай бағытта дамиды деген сұраққа беретін жауабымыз. Жауап айқын және бұрыннан белгілі - Қазақстан демократиялық даму бағытын бетке ұстайды. Мен жария етілетін конституциялық реформаныӊ жобасын бүкіл елдіӊ талқылауына ұсынуды жөн көрдім. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Мұныӊ бәрі Бес институционалдық реформаға және елдіӊ болашақ даму жолына сай келеді. "Ашық Үкіметтіӊ" бесінші пункті өкілеттіктерді қайта бөлуді қарастырады. Биліктіӊ барлық тармақтары тиімді және жауапты жұмыс істеуі үшін олардыӊ арасында теӊгеру және теӊшеу болуы тиіс" деді Мемлекет басшысы.

"Үкімет бұрынғыдай Президент емес, жаӊа сайланған Мәжілістіӊ алдында өкілеттігін тоқтатқаны дұрыс деп санаймын",- деді бүгін халыққа Үндеу жариялау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру ретін де жеӊілдету керек.

Бұл заӊ шығарушы биліктіӊ атқарушы билікті бақылауын күшейтеді. Мемлекеттік бағдарламаларды бекіту құқығын да Үкіметке беру керек. Өз кезегінде ол сол үшін толығымен жауапты болады.

Үкіметке оныӊ құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды таратып, қайта құру құқығы беруге болады.

Ал Президент Үкімет пен Премьер-Министр актілерініӊ күшін жою құқығынан бас тартуына болады.

Мұныӊ барлығы атқарушы мемлекеттік органдардыӊ, олардыӊ басқарушыларыныӊ жауапкершілігін арттырып, оларға қажетті өкілеттіктерді береді.

Заӊдық күші бар президент жарлықтарын шығару мүмкіндігі туралы норма да қазір өзектілігінен айырылды.

Парламенттіӊ жергілікті атқарушы билікке қатысты рөлін арттыру қарастырылады. Сонымен қатар Конституциялық Кеӊес, сот жүйесі мен прокуратура қызметін жетілдіру мәселелерін қарастыру талап етіледі. Және біздіӊ конституциялық құрылылысты бұлжытпаудыӊ сөзсіз кепілдіктері қажет" деді Президент.

Бүгін арнайы үндеу жасаған Елбасы билік тармақтарын қайта бөлудіӊ қандай міндеттерді шеше алатынын атап берді.

"Жұмыс тобы жұмысын ары қарай жалғастырады. Осы мәселеніӊ барлығын жан-жақты қарастырып, алдағы қоғамдық талқылауға бірқатар ұсыныстар дайындауы тиіс. Ұсынылған бағдарлама үш мәселені шешуді қарастырады. Біріншіден, алдағы көптеген жылдар бойына саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Екіншіден, Үкімет пен Парламенттіӊ рөлін күшейту заманауи қатерлерге жауап берудіӊ тиімді механизмін жасайды. Бұл басқару жүйесініӊ күрделілеу екені белгілі, алайда қоғамныӊ да қиындап бара жатқанын естен шығармағанымыз жөн. Мен президенттіӊ құзырына тиесілі бірқатар өкілеттікті беруге өз еркіммен барып отырмын. Жалғыз мақсатты - қазіргіден де тиімді, тұрақты, заманауи басқару жүйесін құруды мақсат еткендіктен осындай қадамға бардым. Үшіншіден, әлемде мемлекеттік басқарудіӊ ешқандай да әмбебап үлгісі жоқ. Бәрі де іздену үстінде", - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны