30.06.2008, 19:07 7624

Қазақстан президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Қазақстан президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы "Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңға, "Нормативтік құжаттар, эталондар, өлшем құралдары мен стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялау және тексеру мақсатында алып өтуге арнаулы рұқсат алу, кедендік баж салығы мен салықтар төлеуден босату жөніндегі 1995 жылдың 10 ақпанындағы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заңға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны