05.07.2008, 10:57 2817

Қазақстан президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Қазақстан президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Астана. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, елбасы "Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алу және олардың бөлімшелері мен өкілдіктерін есептік тіркеу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "Жол қозғалысын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Заңды және жеке тұлғалардың формалық және арнайы киімдерді кию мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдар мен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңына қол қойды.

Нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу ел президентінің мемлекеттің жаңартылған Констиуциясына сәйкес ие болған заңға бастамашы болу құқығын регламенттейді, деп көрсетілген баспасөз релизінде.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері жөніндегі заңнамаларға енгізілген түзетулер заңды тұлғалардың құрылуы мен оларды мемлекеттік тіркеуге алу және олардың бөлімшелері мен өкілдіктерін есептік тіркеу процедураларын оңайлатуға бағытталған.

Мемлекеттік нышандар туралы констиуциялық заңға енгізілген түзетулер заңның терминологиясын Қазақстан Конституциясына сәйкестендіруді қарастырады, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны