18.03.2018, 18:37 3831

Қазақстан Президенті брифинг барысында Орталық Азия елдері көшбасшыларыныӊ қатысуымен өткен консультативтік жұмыс кездесуініӊ нәтижелері туралы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері басшыларыныӊ консультативтік жұмыс кездесуініӊ қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорда

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері басшыларыныӊ консультативтік жұмыс кездесуініӊ қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті брифинг барысында Орталық Азия елдері көшбасшыларыныӊ қатысуымен өткен консультативтік жұмыс кездесуініӊ нәтижелері туралы айтты.

- Орталық Азия елдері басшыларыныӊ консультативтік жұмыс кездесуі толық өзара түсіністік пен тату көршілік жағдайында өтті. Біз күн тәртібіндегі халықаралық және өӊірлік өзекті мәселелер бойынша пайымды да сындарлы ой-пікірлерімізді ортаға салдық, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азияныӊ барлық елдері Ресей Федерациясымен белсенді экономикалық ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

- Біз өӊірдіӊ көлік-логистика жүйесін екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да бірлесе қалыптастырамыз. Сонымен бірге, ішкі өӊірлік проблемаларымызды біз үшін ешкім шешіп бермейтінін түсінеміз. Осыған орай базалық басымдықтарды анықтап, келешектіӊ жоспарын жасадық, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өӊірлік қауіпсіздік пен Ауғанстандағы ахуал мәселелері бойынша жүргізілген келіссөздердіӊ нәтижелеріне тоқталды.

- Орталық Азияныӊ барлық елі Ауғанстандағы саяси-экономикалық даму және саяси мәселелерді реттеуге қолдау көрсету үшін өздерініӊ үлесін қосуда. Біз өзара күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, Ауғанстан проблемасын халықаралық деӊгейде талқылауды жалғастыруға келістік. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде бұл бағыттағы жұмыстарды халықаралық дәрежеде белсенді жүргізіп келеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті біздіӊ еліміз өӊір елдерініӊ қауіпсіздік кеӊесі аппараттары арасында бесжақты тұрақты консультациялар жүргізу тетігін жасауды ұсынғанын атап өтті.

- Бұл келісілген ұстанымдарды іске асыра отырып, өӊір қауіпсіздігініӊ маӊызды мәселелері бойынша тұрақты диалог жасап тұруға мүмкіндік береді. Бес ел арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау жұмыстарын аяқтау ісі негізгі бағыт болып саналады. Осыған байланысты делегация басшылары өӊіріміздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты күшейту мақсатымен бұл үдерісті жылдамдатудыӊ қажет екендігін мақұлдады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелеріне тоқталып, өӊірдіӊ қарқынды дамып келе жатқанын және одан әрі ілгерілеуге әлеуеті толық жететінін айтты.

- Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ мәліметі бойынша, соӊғы 10 жылда Орталық Азия елдеріндегі ішкі жалпы өнімніӊ орташа өсімі 6,2 пайызды құрады. Бұл сол кезеӊдегі 2,6 пайыздық орташа көрсеткіштен асып түседі. Өӊір елдерініӊ сыртқы саудасында да өсім болғаны байқалды, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өзара сауда көлемініӊ өсуі Орталық Азия елдеріндегі тұрғындардыӊ өмір сүру деӊгейініӊ артуына септігін тигізгенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс кездесуі барысында өӊірлік экономиканыӊ орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін шаралар қарастырылғанын айтты.

- Елдеріміз арасындағы өзара сауда жасау ісінде тауарлардыӊ номенклатурасын кеӊейту қажет. Біздіӊ экспорт-импорт операцияларымызға қатысты салыстырмалы статистикалық мәліметтер бұл бағытта зор мүмкіндіктер бар екенін дәлелдейді. Елдеріміз арасындағы инвестициялық ынтымақтастық пен инвесторларды бірлесе қорғау ісін жақсарту үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы экономиканы жаӊа инновациялық-цифрлық платформаға көшіру қажеттігіне тоқталып, транзиттік тасымалдаулар кезінде тарифтік саясатты оӊтайландырудыӊ және әкімшілік рәсімдерді жеӊілдетудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев трансшекаралық су ресурстарын пайдалану мәселелерін ортақ құқықтық ұстанымдар, өзара құрмет және барлық тараптыӊ мүдделерін сақтау негізінде шешудіӊ маӊызды екеніне назар аударды.

Қазақстан Президенті консультативтік кездесу барысында өӊірдегі экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету мақсатымен вице-премьерлер деӊгейінде бесжақты жұмыс комиссиясын құру туралы ұсыныс қарастырылғанын айтты.

- Қарқынды даму үшін ішкі өӊірлік қаржыландыру көздерін қалыптастыру қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мәдени-гуманитарлық байланыстар өӊірлік өзара іс-қимылды күшейтудіӊ маӊызды факторы болып саналатынын айтты.

- Біз осы бағыттағы ынтымақтастығымызды одан әрі арттыру жөнінде уағдаластық. Ғылым және білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін Қазақстан өӊірдегі елдердіӊ студенттерін оқуға қабылдауға дайын. Спорт және туризм саласында ортақ спорт шараларын өткізуді жандандырып, Орталық Азияныӊ біріккен туристік бағдарын әзірлеуге мүмкіндігіміз бар, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы қол жеткізілген уағдаластықтар мемлекеттеріміздіӊ ынтымақтастығына айтарлықтай серпін беретініне сенім артты.

- Еӊ бастысы, бізде ортақ түсіністік қалыптасты, сондай-ақ серіктестігімізді нығайтуға және бір-бірімізге қолдау көрсетуге ниеттіміз. Сондықтан біз мұндай кездесулерді жыл сайын тұрақты түрде, барлығымызға ортақ ұлы Наурыз мерекесі қарсаӊында өткізу жөнінде уағдаластық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны