07.04.2010, 17:32 3219

Қазақстан президенті БҰҰ Бас хатшысын бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Қазақстан президенті БҰҰ Бас хатшысын бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Президент бұл орденді мәртебелі мейманға бүгін Ақордада табыс етті.

Келіссөздерден кейінгі брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунге бірінші дәрежелі "Достық" ордені жаһандық деңгейдегі бейбітшілікті, әлеуметтік әділеттілікті және тұрақты дамуды ілгерлетуге айырықша үлес қосқаны үшін берілгенін атап көрсетті.

"Семей полигоны мен Арал теңізіне бару арқылы сіз осы мәселелерге қатысты өз жаныңыздың ауыратынын паш еттіңіз",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны