19.06.2007, 13:53 3010

Қазақстан президенті БҰҰ резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің сенімхатын қабылдады

АСТАНА. 19 -маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Шу Хаолянның сенімхатын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"БҰҰ-ына мүше болған жылдарда Қазақстан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты", - деді рәсімде Н. Назарбаев. "Біздің еліміз ядролық қарудан бас тарту, халықты жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, шиеленістердің алдын алу, есірткі тасымалы мен қару саудасымен, ұйымдасқан қылмыспен және заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері бойынша белсенді көзқарас ұстанады", - деді ол.

"Тарихи өлшеммен өте қысқа мерзімде Қазақстан саяси және экономикалық дамуда үлкен табысқа жетіп, халықаралық қарым-қатынастар саласында сенімді әрі жауапты әріптеске айналды", - деді президент.

"Біздің саясатымыздағы көпвекторлылық, тепе-теңдік, прагматизм, конструктивті үнқатысу секілді басты басты принциптер өзгеріссіз қалады", - деді ол.

Өз кезегінде Шу Хаолянь "БҰҰ-ның өз бас кеңсесін Алматыдан Астанаға көшіруге шешім қабылдағанын" жеткізді. "Сонымен бірге біз Алматыны БҰҰ іс-қызметінің аймақтық орталығына айналдыруға ниетіміз бар", - деді ол.

Қазақстан мемлекет басшысы бұған қоса Польшаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Павел Чеплактың сенімхатын қабылдады.

"Бүгінгі Қазақстан-Польша қарым-қатынасы қарқындылығымен, байланыстардың мазмұндылығымен, парламентаралық және мекемеаралық байланыстардың кеңейе, экономикалық -гуманитарлық ынтымақтастықтың тереңдей түскендігімен ерекшеленеді", - деді президент. "Біз Польшаның елімізбен энергетикалық ынтымақтастықтан мүдделі екендігін білеміз және біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатырмыз", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны