24.10.2012, 09:55 3230

Қазақстан президенті Чехия президентімен екі елдің ынтымақтастығы мәселесін талқылады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың 20 жылының қорытындысын жасады. Сондай-ақ, олар экономикалық, инвестициялық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық мәселелеріне назар аударды.

Прага. 24-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехияға ресми сапары аясында Чехия Республикасының Президенті Вацлав Клауспен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың 20 жылының қорытындысын жасады. Сондай-ақ, олар экономикалық, инвестициялық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық мәселелеріне назар аударды.

Сонымен қатар, президенттер халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен көпжақты бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Прага Градының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, Қазақстан-Чехия қарым-қатынастарының одан әрі нығая беретініне сенім білдірді және чех халқын ұлттық мерекемен - тәуелсіз Чехословакия Республикасының құрылған күнімен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны