26.12.2016, 12:24 3624

Қазақстан Президенті "Диаконт" компаниясында болды

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында "Диаконт" акционерлік қоғамыныӊ қызметімен танысты.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Диаконт" компаниясында болды,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында "Диаконт" акционерлік қоғамыныӊ қызметімен танысты.

Кәсіпорынныӊ таныстырылымы алдында Қазақстан мен Ресей Президенттері Ресей Федерациясыныӊ Қорғаныс министрлігі ұшағыныӊ апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халқына тағы да көӊіл айтты.

"Диаконт" акционерлік қоғамы радиацияға төзімді трансфокатор объективтерін шығаратын әлемдегі екі кәсіпорынныӊ бірі болып саналады және ғылымды қамтитын экономикадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны