27.03.2017, 17:58 4741

Қазақстан Президенті Дубай әмірлігініӊ билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Ил Мактуммен кездесті

Қазақстан Президенті Дубайда Біріккен Араб Имірліктерініӊ Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігініӊ билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Ил Мактуммен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 27 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Дубайда Біріккен Араб Имірліктерініӊ Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігініӊ билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Ил Мактуммен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтыӊ қазіргі ахуалы мен оны бұдан әрі дамыту жайын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) мен Дубай қаласыныӊ қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаржы орталығын тиімді басқару тұрғысынан Біріккен Араб Имірліктерімен тәжірибе алмасудыӊ маӊыздылығына, сондай-ақ DIFC пен Астана халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне тоқталды. Дубай әмірлігініӊ билеушісі бұл бағытта іс-қимыл орнатуға толық дайын екенін жеткізді.

Қазақстан Президенті исламдық қаржыландыру ісін дамытып, оны енгізуге айрықша үлес қосқаны үшін шейхқа алғыс білдірді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындықтыӊ аяқталғанын, кейіннен көрме нысандары Астана халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысы үшін пайдаланылатынын айтты.

Кездесу соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Имірліктерініӊ Премьер-Министрін Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ ашылуына шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны