08.07.2014, 20:49 3167

Қазақстан Президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Эдуард Амвросиевич Шеварднадзенің дүние салғаны туралы қаралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған.

Мемлекет басшысы Грузияның экс-президентінің туған-туыстарына шын көңілден қайғыра көңіл айтып, Э.Шеварднадзе өз Отанының игілігі үшін орасан көп іс атқарған грузин халқының аса көрнекті өкілі, көреген саясаткер болғанын атап өткен.

"Кәсіпқойлығы және ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік қасиеттері оны білетіндердің баршасының шынайы құрметіне бөледі. Э.А.Шеварднадзенің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады", - делінген жеделхатта.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны