12.06.2014, 21:42 2897

Қазақстан Президенті ЕХРО-2017 туын салтанатты түрде қабыл алды

Қазақстан Президенті ЕХРО-2017 туын салтанатты түрде қабыл алды. Бұл рәсім ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысында болды.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Президенті ЕХРО-2017 туын салтанатты түрде қабыл алды. Бұл рәсім ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысында болды.

"Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде жеңіске жетті, біздің делегация тіркелу досьесін сәтті қорғап шықты, күні кеше ғана Қазақстанға ту тапсырылды. Ол - Қазақстанға деген сенімнің нышаны. Мен отырысты ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің туын қабылдау салтанатынан бастасақ деймін", - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесін аша отырып.

Айта кетейік, кеше ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Францияға сапары барысында қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 155-ші сессиясына қатысты.

Сессия барысында ХКБ мүшелері "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін ресми түрде мойындап, Ұйым Президенті Фердинанд Наги мен Бас хатшы Висенте Лоссерталес ХКБ жалауын ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысына тапсырды.

EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Оған 100-ден аса мемлекет, инновациялық технология саласында қызмет істейтін 10-нан аса алдыңғы қатарлы халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны