13.12.2016, 17:20 3680

Қазақстан Президенті екі адамға "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды

Ақорданыӊ ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 382 Жарлығына қол қойды.

Астана. 13 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Астана қаласындағы "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Ақшолақов Серік Қуандықұлы мен Қостанай облысыныӊ Қарасу ауданындағы "Қарасу" СӨК" ЖШС бас директоры Тұрсынов Алмат Жанәбілұлына "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданыӊ ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 382 Жарлығына қол қойды.

Жарлық мәтініне сәйкес Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Астана қаласындағы "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Ақшолақов Серік Қуандықұлы мен Қостанай облысыныӊ Қарасу ауданындағы "Қарасу" СӨК" ЖШС бас директоры Тұрсынов Алмат Жанәбілұлына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені

тапсырылсын деп қаулы етілген. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны