30.06.2008, 09:54 3226

Қазақстан президенті ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясы аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

Қазақстан президенті ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясы аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) 17-ші жыл сайынғы сессиясының аясында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы ЕҚЫҰ ПА төрағасы Йоран Леннмаркермен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2010 жылғы осы ұйымға төрағалық етуінің алдындағы ЕҚЫҰ мен Қазақстанның ынтымақтастық перспективасын талқылады.

"ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы сессиясының Астанада өткізілуі Қазақстан үшін маңызды оқиға. Оның үстіне ол Еуразия құрлығының Азиялық бөлігінде алғаш рет өткізіліп отыр", - деп атап көрсетті президент.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев АҚШ Конгрессінің делегациясын қабылдады. "Сіздердің келулеріңіз бізді жақындастырады және бір-бірімізді жақсы түсінуге көмектеседі", - деді президент қонақтарға арнаған сөзінде. "Тәуелсіздік жылдары біз үнемі сіздердің қолдауларыңызға арқа сүйеудеміз", - деп атап көрсетті президент. Ол Қазақстанда Америка компаниялары мен АҚШ инвестициясы жеткілікті дәрежеде екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен келіссөздер өткізді. Иңгіме барысында К. Воллебек Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның жемісті ынтымақтастығына ризашылығын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны