27.11.2012, 14:28 3077

Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығы шықты.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығы шықты.

Еске сала кетейік, өткен аптада Парижде EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы аясында ұйымдастырылған дауыс беру қорытындысы бойынша Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды. Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал белгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

ЕХРО - 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласқа түсті. Бельгия "Адамдарды біріктіре отырып" деген тақырыпты ұсынған болатын. Ал Астана энергияның балама көзіне және "жасыл" технологияға арналған "Болашақ энергиясы" тақырыбын ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны