30.09.2008, 11:44 2936

Қазақстан президенті еліміздің мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады

Қазақстан президенті еліміздің мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздің барлық мұсылмандарын бүгінгі тамаша мереке - Ораза айтпен құттықтаймын", - деді президент "Нұр-Астана" мешітіндегі таңертеңгі намаздан кейін.

"Исламның бес парызының бірін бір ай бойы орындап, ораза тұтып, енді бүгін міне мерекелеп жатқан жамағатқа тілеген барлық тілектері мен жасаған дұғалары Алланың құлағына шалынсын деп және елімізде адамдар мен діндер арасындағы достық сақталып, еліміздің гүлденуі үшін еңбек етейік деп тілеймін", -деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы баршасына бақыт пен ырыс тіледі.

Бүгін - мерекенің бірінші күні. Еліміздегі барлық мешіттерде салтанатты намаз оқылды. Бұл - Истамдағы ұлық ай- Рамазан аяқталған күн.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны