15.05.2007, 16:55 4867

Қазақстан президенті Еңбек кодексіне қол қойды

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек кодексіне қол қойды, деп хабаралайды Kazakhstan today агенттігі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Еңбек кодексінің жобасы еңбек нарығының тұрақты қызмет етуі және еңбек ұжымдарының мүдделерін бір ретке келтіру мақсатымен жасалған. Бұл құжат еңбек және ұжымдық келісімдердің жасалуы және орындалуын, еңбек дауларын шешуді қамтамасыз етеді.

Еңбек кодексінің жобасы еңбек дауларын екі деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Оның бірі- келісім комиссиясы болса, екіншісі еңбек арбитражы немесе сот орындары болмақ. Құжатта жұмыс беруші мен жұмысшылардың еңбек келісімшарттарына өзгеріс енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Олар -қызметкерлерді аттестациядан өткізу, оқуға бару үшін демалыс алу және кәсіби деңгейін көтеру, сонымен қатар, (Қазақстанның ДСҰ енуіне байланысты) бәсекелестік етпеу туралы жайт. Сондай-ақ, еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатымен жобада жартылай еңбекпен қамтамсыз ету, жұмысынан айырылып қалған жайда өтемақы алу және жұмысқа сағатпен жалдану сияқты жайттар қарастырылған.

Сонымен қатар, құжатта еңбек өнімділігін арттыру мақсатымен жұмысшылар мен жұмыс берушілерді ынталандыру еңбек қатынастарын заңдастыру реттері де көрініс тапқан.

Сонымен бірге президент "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы" заңға, бұған қоса қолданыстағы заңдарды қабылданған Еңбек кодексіне сәйкестендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының еңбекті реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны