24.04.2017, 20:02 4416

Қазақстан Президенті Еуразия даму банкі басқармасыныӊ төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктіӊ қызметі, сондай-ақ оныӊ бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы мәлімделді.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Еуразия даму банкі басқармасыныӊ төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктіӊ қызметі, сондай-ақ оныӊ бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкініӊ құрылу мақсатына, оныӊ алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқталып, интеграциялық жобаларды қаржыландырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Банктіӊ негізгі құрылтайшылары - Қазақстан мен Ресей. Банк Еуразиялық экономикалық одақтыӊ мүддесі үшін құрылды. Жұмыстыӊ таӊдалған бағыты дұрыс. Қазақстан жағдайында несиені көбіне теӊгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бастамашылық еткен шағын жобаларға несиені қоса қаржыландыру шартымен беру мәселесін қарастыруды ұсынды.

- Көлік-инфрақұрылым, су және аграрлық бағыттағы ортақ жобаларды қоса қаржыландыруға банктіӊ мүмкіндігі бар. Бұл жобалар одаққа мүше барлық мемлекеттер үшін жүзеге асырылатын болады. Мұндай жобалар еӊ алдымен оларды ұсынатын Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ жұмысына байланысты болмақ, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Панкин Қазақстан Президентіне жаӊа жобалар жөніндегі шарттардыӊ жасалу барысы туралы, сондай-ақ банктіӊ несиелік қорыныӊ ахуалы, оныӊ өткен жыл қорытындысы бойынша айтарлықтай артқаны жөнінде баяндады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны