30.06.2008, 10:07 3391

Қазақстан президенті Еуразия елдері Еуразия одағын құрады деп үміттенеді

Қазақстан президенті Еуразия елдері Еуразия одағын құрады деп үміттенеді

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия құрлығының елдері Еуразия одағын құрады деп үміттенеді. Бұл туралы ол Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен болашақта Еуропалық одақтың үлгісімен Еуразиялық одақтың құрылатынына сенемін", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев. "Мұны біздің үлкен - Еуразия құрлығы талап етіп отыр", - деп атап көрсетті ол.

Қазақстан басшысы Еуропа мен Азияның көптеген тарихи, және экономикалық байланыстар араластырған біртұтас құрлық екенін атап өтті. "Күш-жігерлерді бірлестірмейінше болашақта қазіргі заманның қатерлерімен тиімді күресіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін емес", - деп атап көрсетті ол.

Н. Назарбаев Астана қаласының Еуразия құрлығының географиялық ортасында орналасқанын да атап өтті. "Болашақ Еуразия одағының орталығын Астанада құруды ұсынамын", - деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны