06.06.2018, 21:39 4225

Қазақстан президенті Еуропа қайта құру және даму банкініӊ президенті Сума Чакрабартимен және "Royal Dutch Shell" концернініӊ бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта елімізде бірлескен инфрақұрылымдық жобалардыӊ жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Еуропа қайта құру және даму банкініӊ президенті Сума Чакрабартимен кездесті.

Кездесу Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 31-пленарлық отырысы басталар алдында өтті. Келіссөз барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асырудыӊ перспективалары жөніндегі мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ жұмысына қатысқаны үшін Сума Чакрабартиге ризашылық білдіріп, осындай екі жақты кездесудіӊ дәстүрлі сипат алғанын айтты.

Қазақстан Президенті қазіргі уақытта елімізде бірлескен инфрақұрылымдық жобалардыӊ жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

- Осы жылдар ішінде Қазақстанға 7 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Қазір сіздер Қазақстанмен ынтымақтастықтыӊ еларалық бағдарламасын қабылдадыӊыздар. Ірі инфрақұрылымдық бағдарламалар іске асырылуда. Шағын және орта бизнестіӊ дамуына жол ашып, аграрлық кешенді қолдау ісі өзекті болып қала береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

С.Чакрабарти Қазақстанда инвестициялық белсенділікті ынталандыру үдерісіндегі Шетелдік инвесторлар кеӊесі басқосуларыныӊ тиімділігі мен маӊыздылығы және мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтыӊ дамуы жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, "Royal Dutch Shell" концернініӊ бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті.

Кездесу Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ пленарлық отырысы аяқталғаннан кейін өтті.

Келіссөз барысында тараптар өзара ынтымақтастықты кеӊейту және стратегиялық әріптестікті дамыту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны