08.09.2009, 11:38 1265

Қазақстан президенті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 4 қыркүйекте 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Жарлықта аталған іс-шараларды дайындау мен қамтамасыз етуге тиісті Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен комиссияның құрамы бекітілген. Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны