12.06.2008, 10:55 1455

Қазақстан президенті француз компанияларының басшыларын қабылдады

Қазақстан президенті француз компанияларының басшыларын қабылдады

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Францияға сапары аясында аса ірі француз компанияларының басшыларын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президентінің сапары Франция іскер өкілдерінің ортасында жоғары қызығушылыққа ие болды. Сапар алдында аса танымал француз газетінің бірі "Фигаро" басылымында "Қазақстан: қара алтынның жаңа эльдорадосы" атты мақала жарық көрген болатын.

Басылым өз оқырмандарына Қазақстандағы экономикалық және мұнай саласындағы серпіліс жөнінде, көмірсутек кен орындарын қазып шығару, оның ішінде Қашаған кен орны жөнінде, соңғы 40 жылдың ішінде ашылған аса ірі мұнай кен орындары жөнінде егжей-тегжейлі жазыпты.

Алайда француз кәсіпкерлерін тек мұнай шығару мен тасымалдау саласы ғана қызықтырмайды. Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі "АРЕВА", "Обер энд Дюваль" ("ЭРАМЕТ" тобы), "ЕАДС", "Альстом" компанияларының басшыларымен болған кездесулері куә. Бұл компаниялардың барлығы да жоғары технология саласында жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны