10.09.2017, 18:40 3283

Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі арнаулы сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

Бірінші жұмыс сессиясыныӊ соӊында саммиттіӊ қорытынды құжаты - Астана декларациясына қол қойылды.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ ғылым және технологиялар жөніндегі арнаулы сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардыӊ Қазақстан туралы айтқан жылы лебіздері үшін алғыс білдіріп, ғылым мен технологияларды дамыту жолындағы ынтымақтастықты нығайтудыӊ өзекті екенін атап өтті.

Бірінші жұмыс сессиясыныӊ соӊында саммиттіӊ қорытынды құжаты - Астана декларациясына қол қойылды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ бас хатшысымен бірге ислам елдерініӊ аса көрнекті ғалымдарын ғылым мен технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін арнаулы сыйлықпен марапаттады.

Соӊында Қазақстан Президенті сессияға қатысушыларды халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ жабылу рәсіміне шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны