27.08.2009, 17:25 3098

Қазақстан президенті Ислам Кәрімовты Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Ислам Кәрімовты Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астана. 27 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі Ислам Кәрімовке Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Құрметті Ислам Ибдуғаниұлы, Өзбекстан Республикасының ұлттық мерекесі- Тәуелсіздік күніне орай менің шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Қазақстанда Өзбекстанмен арадағы сенімді және тең құқықты өзара қарым-қатынасқа ерекше маңыз беріледі. Біздің елдеріміздің арасында қалыптасқан, сенім мен өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынастардың екі ел халықтарының мүддесі үшін алға қарай дами беретініне және нығая түсетініне сенімдімін",- делінген бүгін өзбектің "Халық сөзі" республикалық басылымында жарияланған Н.Назарбаевтың құттықтауында.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті Ислам Ибдуғаниұлы, Сізге мықты денсаулық, қызметіңізге сәттілік, ал бауырлас Өзбекстан халқына -бейбітшілік, амандық және гүлдену тілеймін", - делінген Қазақстан басшысының құттықтауында.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 1-2-сінде Өзбекстан Ташкенттің 2200 жылдық мерейтойын республиканың Тәуелсіздік күнімен қатар атап өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны