31.08.2018, 14:56 8581

Қазақстан Президенті Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясыныӊ атқарушы хатшысымен кездесті

- Бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі еӊ ірі ядролық сынақ алаӊыныӊ жабылуынан басталған болатын. Содан кейін Невадада және басқа да полигондарда сынақтар тоқтатылды. Біз ядролық қару-жарақтан бас тарттық және соныӊ арқасында антиядролық қозғалыс көшбасшыларыныӊ қатарына қосылдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті 29 тамызда Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясыныӊ атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні өтіп отырғанына тоқталып, бұл күнді белгілеуге Қазақстанныӊ бастамашы болғанын айтты.

- Бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі еӊ ірі ядролық сынақ алаӊыныӊ жабылуынан басталған болатын. Содан кейін Невадада және басқа да полигондарда сынақтар тоқтатылды. Біз ядролық қару-жарақтан бас тарттық және соныӊ арқасында антиядролық қозғалыс көшбасшыларыныӊ қатарына қосылдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Лассина Зербо Қазақстан Президентімен кездесудіӊ осы күні өтуініӊ символдық мәнін атап өтіп, өзі жетекшілік ететін ұйымныӊ жер бетіндегі ядролық сынақтарға қарсы тұру және бейбітшілікті сақтау жолында күш жұмылдыра беретінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы кездесу соӊында Қазақстанныӊ антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Л.Зербоға алғыс білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны