07.04.2008, 14:13 3243

Қазақстан президенті қарашада Үндістанға сапармен барады

Қазақстан президенті қарашада Үндістанға сапармен барады

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашада Үндістанға сапармен барады. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин Үндістан вице-президенті Мухаммад Хамид Ансаримен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің елдердің арасындағы қарым-қатынас тұрақты әрі қарқынды дамып келеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қараша айына межеленген Үндістанға сапары оған тың серпін береді", - деді А.Мусин.

Ол Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі екенін атап өтті.

"Біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы арта түсуде, бірақ ол екі елдің әлеуетіне сай келмейді", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны