22.08.2008, 14:16 1225

Қазақстан президенті кәсіпкерлерді техникалық мамандарды дайындауға белсене атсалысуға шақырды

Қазақстан президенті кәсіпкерлерді техникалық мамандарды дайындауға белсене атсалысуға шақырды

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерді техникалық мамандарды дайындауға белсене атсалысуға шақырды. Бұл туралы ол бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Отандық кәсіпкерлерге де техникалық және кәсіптік білім берудің мейлінше икемді, ашық, үздіксіз дамитын жүйесін құруға белсене атсалысатын уақыт жетті", - деді Н. Назарбаев.

Ол мемлекет тарапынан бизнес үшін аз нәрсе істелмегенін атап өтті. "Біз салық ауыртпалығын ұдайы азайтып, шағын және орта бизнесті тексерулерге мораторий жарияладық, даму институттарын құрдық, инвестициялық преференциялар жасап отырмыз", - деді Елбасы.

"Ал Қазақстан бизнесінде мемлектетік органдардың норма шығару қызметіне тікелей атсалысатын мүмкіндігі бар. Сол себепті біз сіздерден белесе атсалысды күтеміз. Мен сіздердің қазір де көп іс тындырып жатқандарыңызды білемін. Біздің осындай табысты ынтымақтастық үлгілерімізді барлық жерде бірдей тәжірибеге енгізуіміз қажет", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны