11.09.2007, 17:30 3471

Қазақстан президенті Каспийдегі Ақтау-сити атты жаңа қаланың іргетасын қалады

Қазақстан президенті Каспийдегі Ақтау-сити атты жаңа қаланың іргетасын қалады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11 қыркүйек. АҚТАУ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі Ақтау-сити атты жаңа қаланың іргетасын қалады, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін және аймақтық туристік әлеуеттілігін, соның ішінде іскерлік туризмді, бизнесмендер мен кәсіпкерлердің іс-қызметі үшін, онда өмір сүру мен белсенді демалысты дамыту үшін Каспий теңізінің жағалауында Ақтау-сити атты құрылыс кешенінің жобасы әзірленді",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол, "Ақтау-сити" жобасының бірегейлігін және бұрынғы кеңестік кеңістік аумағында бірінші рет салынғалы отырғандығын атап көрсетті. "Бұл қалалық инфрақұрылымды дамытудағы нағыз ілгерілеушілік. Ол Каспий жағалауындағы ең көрікті әрі болашағы зор қала болатындығына сенімдімін",- деп атап өтті Елбасы.

Қала құрылысының жобаланған құны 38 млрд АҚШ долларын құрайды. Инфрақұрылым құру үшін 335 млн АҚШ долларын жұмсау жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта жобаны Бостоннан, Лондоннан және Гонконгтен келген халықаралық сәулетшілердің бірлескен тобы әзірлеген. Стратегиялық жоспарды "Миллениум Девелопмент Интернэшнл" компаниясы (Ливан) жасады Бас жоспарды әзірлеуші - "Koetter Kim & Associates" (АҚШ). Инфрақұрылымды әзірлеуші - "Катиб и Аллами" (Ливан). Құрылысты ұйымдастыру үшін қазақстандық "Казэмир Холдинг" компаниясы құрылған. Еуропадан, Америкадан және Парсы шығанағынан инвесторлар тарту жөніндегі жұмысты дәл осы компания жүзеге асырады, сондай-ақ қазақстандық инвесторладың артықшылықтары да ескеріледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың іргетасын қалау рәсімінен кейін ресми сапармен Түркіменстанға аттанып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны