11.06.2007, 10:49 1342

Қазақстан президенті Каспийден Қара теңізге дейін "Еуразия" деп аталатын кеме қатынасы арнасын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев XI Петербург халықаралық экономикалық форумында Каспийден Қара теңізге дейін "Еуразия" деп аталатын кеме қатынасы арнасын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды президенттің баспасыөз қызметі.

ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің транзиттік-транспорттық әлеуетін дамыту перспективасына тоқталған Қазақстан президенті "біздің елдеріміз өзінің георграфиялық орналасуына орай Еуропа мен Азия арасын жалғастыратын маңызды көпірге айнала алатынын" атап өтті.

Қазақстан мемлекет басшысы БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Алматыда өткен соңғы сессиясында "азия жолбарыстары" аталған елдердің Қазақстан, Ресей мен басқа да ЕурАзЭҚ елдерінің транспорттық әлеуетін Еуропа нарығына шығу үшін пайдалануға үлкен қызығушылық танытқанын еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны