13.10.2009, 11:49 2406

Қазақстан президенті Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады

Қазақстан президенті Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған мерейтойлық аптаның аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 13 қазанда оқу ордасында салтанат өтеді. Мемлекет басшысы химия факультетінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысады. Сондай-ақ, президент "Қазақ Ұлттық университетіне - 75 жыл" атты көрмені аралап, университеттің профессорлары мен оқытушыларын, студенттерді оқу орнының 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, дәріс оқиды.

Сол күні сағат 16.00-де Қазақ Ұлттық университетінде М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің күндеріның салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Мерейтойлық іс-шаралар бір аптаға созылады.

Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің іргетасы 1934 жылы қаңтардың 15-інде қаланған. Бүгінде университетте 20 мыңнан астам студент оқып жатыр. Студенттер 14 факультет, 102 кафедрада 180-нен астам мамандық бойынша білім алады. Университеттің профессорлары мен оқытушылары құрамында 2000 мыңдай адам бар, олардың мыңнан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлары мен доценттері, онда 100-ден астам академик еңбек етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны