23.03.2011, 12:07 3940

Қазақстан президенті қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 23 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Наурыз мейрамы" мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға қатысқан.

Мерекелік іс-шара Астанадағы "Қазақ елі" монументі алаңында өтті.

Астананың тұрғындары мен қонақтары алдында сөйлеген сөзінде, Президент Наурыз ең ежелгі мерекелердің бірі болып табылатынына және бес мың жылдан астам уақыт бойы атап өтіліп келе жатқанына тоқталып өтті. Бабаларымыздың ежелгі мейрамын Мемлекет басшысы осыдан 20 жыл бұрын арнайы Жарлығымен Қазақстанда қайта жандандырды.

"Илемнің өзге мемлекеттерімен бірге біз де күнтізбелік Жаңа жылды және көктем мерекесі Наурызды атап өтеміз. Сондай-ақ Құрбан айт пен Рождество күндері қуанышты көңіл-күй мен шынайы сезімді бастан кешеміз. Жанданған Наурыздың тарихы - біздің тәуелсіздігіміздің тарихы! Біз көне тарихымыздан күш-қуат алып, тәуелсіздік туралы өз арманымызды жүзеге асыра алдық", - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өз тәуелсіздігінің жиырмасыншы жылындағы көктемді мықты, тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде қарсы алып отырғанын атап өтті. Илем елдерінде соңғы екі жылда барлық әлеуметтік шығындар еуәдір қысқаруда, кәсіпорындар жабылуда, жұмыссыздық арта түсуде. Қазақстан, керісінше, он жылдан бері кәсіпорындарды іске қосуда, тұрғын үйлер салуда, азаматтарды әлеуметтік қорғауды ұлғайтып келеді. Стипендия, еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы тұрақты түрде артуда. Халықтың аз қамтылған тобын қолдау жалғасын табуда. Еліміз бойынша он мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылуда. Мектептер, ауруханалар, бала бақшалар, жолдар салынуда. Бірде-бір жаңа егеменді ел Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында жеткен мұндай табыстарға жеткен жоқ.

"Біздің басты құндылығымыз - халықтың бірлігі. Сондықтан мереке күндері де, жұмыс күндері де біз бейбітшілік пен келісімді үнемі нығайтуға тиіспіз. Тәуелсіздік жылдарында біз өз алдымызға қойған барлық мақсатқа мерзімінен бұрын қол жеткіздік. Мемлекетіміз дамуының жаңа баспалдағына қадам бастық. Алда - атқарар іс ауқымды. Біздің алдымызда экономика мен қоғамды түбегейлі жаңғырту міндеті тұр. Біз Қазақстанды халықтың ортақ игілігіне қызмет ететін әлеуметтік мемлекет ретінде құрамыз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет өзіне алған барлық әлеуметтік міндеттемені мүлтіксіз орындайды", - деді Мемлекет басшысы.

Президент алдағы жылы жаңа экономиканың негізі қаланатынын, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болатынын атап өтті. Инновация және ғылымға негізделген өндірістер келешектегі дамуымыздың қозғалтқышына айналады. Мыңдаған шақырымдық жаңа темір жол мен автомобиль жолдары салынатын болады. Қазақстанда соңғы он жыл көлемінде 45 миллион шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды. Алдағы әр жылда тағы 6 миллион шаршы метр тұрғын үй тұрғызылатын болады. Жүз мыңдаған қазақстандық жаңа пәтерлерде өмір сүретін болады. Халықтың әлеуметтік қорғалған топтарына арналған тұрғын үйлер құрылысына ерекше назар аударылады. Барлық қазақстандықтар заманауи білім мен сапалы медицинаға қолжетімділікке ие болады.

Жаңа Қазақстан әлем көлемінде құрметке ие болып отыр. Елімізде маңызды халықаралық саммиттер мен кездесулер өтіп тұрады. Илемнің қолдауына ие болған жаңа бастамалар пайда болуда.

"Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы тойлануда. Қазір біз жаңарудың бақытты толқынын бірге бастан кешудеміз. Бұл күндері күллі еліміз жаңарады! Біз барлық күш-жігерімізді, барлық ой-ниетіміз бен ісімізді Қазақстанның гүлденуіне жұмсаймыз!" - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, бақыт, бейбітшілік пен келісім тіледі.

Алаңда "Наурыз думан" театрландырылған қойылымы қойылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны