01.01.2014, 01:03 6284

Қазақстан президенті қазақстандықтарды Жаңа 2014 жылмен құттықтады

Алда қазанатын қадірлейтін халқымыз үшін қастерлі Жылқы жылы келе жатыр. Қазақ "Ат мұратқа жеткізеді" деп жылқыны ерекше бағалаған. Жаңа жыл жақсылығын ала келсін!

Алматы.1 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2014 жылмен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Қазақстан президентінің қазақстандықтарды Жаңа 2014 жылмен құттықтауы:

Қымбатты отандастар!

Санаулы минуттардан соң біз келе жатқан жаңа жылды қарсы аламыз!

Бұл - ескі жылға ризалық, жаңа жылға тілек айтатын айрықша сәт!

Өтіп бара жатқан жыл бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды.

Басты бағдарымыз - "Қазақстан-2050" стратегиясының алғашқы жылын табысты бастадық.

Бұл - біздің баршаны біріктіретін, ұлысты ұйыстыратын асқақ аңсарымыз.

Біз Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің ғұмырлы болуын қалаймыз.

Сол үшін алда келе жатқан жылдан үлкен үміт, жоралы жақсылық күтеміз.

Жаңа жыл Қазақстанның жаңа дәуірін жалғастырады деп кәміл сенемін.

Ардақты ағайын!

Жаңа жыл - әр үйге шаттық сыйлайтын отбасылық мереке.

Еліміздегі әр шаңырақ - құтты ордамыз Қазақстанның бөлінбес бөлшегі.

Алда қазанатын қадірлейтін халқымыз үшін қастерлі Жылқы жылы келе жатыр.

Қазақ "Ат мұратқа жеткізеді" деп жылқыны ерекше бағалаған.

Жаңа жыл жақсылығын ала келсін!

Иулеттеріңіз әрдайым қуанышқа бөлене берсін!

2014 жыл елімізді әлемнің төріне шығаратын құтты жыл болсын!

Баршаңызға бақыт тілеймін!

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны