31.08.2006, 11:21 7101

Қазақстан президенті Қырғызстандық әріптесін республиканың тәуелсіздігінің 15 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан президенті Қырғызстандық әріптесін республиканың тәуелсіздігінің 15 жылдық мерейтойымен құттықтады

БІШКЕК. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевке республиканың тәуелсіздігінің 15 жылдық мерейтойымен құттықтап жеделхат жолдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта Н.Назарбаев екі ел арасындағы байланысты нығайтудың маңызын атап өтті.

"Екі халықтың тарихи жақындығы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің ортақтығы Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынастарының қарқыны мен әртараптылығын, сондай-ақ, екі ел арасындағы интеграциялық құбылыстарды әріқарай серпінді дамыту қажеттігін айқындап отыр",- деді Қазақстан президенті.

Н.Назарбаев "тең құқылы әріптестік принциптеріне негізделген одақтастық байланыстар Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық, техникалық және мәдени-гуманитарлық дамуында тың нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді", дегенге сенім білдірді.

Қазақстан президенті Қ.Бакиевке зор денсаулық пен толайым табыстар, ал Қырғызстан халқына бейбітшілік пен жақсылық тіледі.

Қырғызстан президентінің атына сондай-ақ Бенин, Германия, Үндістан, Иран, Молдова және басқа да елдердің президенттерінен құттықтау жеделхаттары келуде.

Бүгін Қырғызстанның тәуелсіздік алуына 15 жыл толу мерейтойы атап өтілуде. Мерекелік салтанатты шаралар қаланың орталық алаңында өтеді. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев халық алдында сөз сөйлеп, 25 мыңдай адам қатысатын шеру өтеді. Парадқа 20 мыңдай көрермен шақырылған. Кешкісін Қырғызстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Ала-Тоо алаңындағы салтанат мерекелік от шашумен аяқталады.

Мерекелік шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқық қорғау мекемелерінің 2 мыңдай қызметкері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны