23.04.2007, 12:16 3003

Қазақстан президенті Қырғызстанға сапары барысында Қырғызстан Республикасының парламентінде сөз сөйлейді


АЛМАТЫ. 23 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның президенті Қырғызстанға сапары барысында Қырғызстан Республикасының жоргок кенешінде депутаттар алдында сөз сөйлейді. Бұл туралы бүгін палаталар отырысында қырғыз парламентінің спикері Марат Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Марат Сұлтановтың айтуынша, Н. Назарбев жұмада, 27-сәуірде депутаттар алдында сөз сөйлейді.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының президенті 26 -27-сәуірде Қырғызстанға сапармен барады. Сапар барысында екіжақ бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойып, бизнес-форум өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны