24.09.2009, 18:12 3085

Қазақстан президенті Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегін 2010 жылдың 1-қаңтарына дейін аяқтауды тапсырды

Қазақстан президенті Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегін 2010 жылдың 1-қаңтарына дейін аяқтауды тапсырды

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегін 2010 жылдың 1-қаңтарына дейін аяқтап, 1 текше шақырымға дейін тасқын суын қабылдауды тапсырды. Ол осындай тапсырманы 23 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс бабындағы сапары аясында қөұрылыс нысандарын аралаған кезде берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Н. Назарбаев Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегін 2010 жылдың 1-қаңтарына дейін аяқтап, 1 текше шақырымға дейін тасқын суын қабылдауды тапсырды". "Осыған байланысты құрылыс жұмыстарын мердігерлік ұйымдар кестеге сәйкес күшейтілген жұмыс режимімен атқаруда".

Сондай-ақ, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 қыркүйекте мемлекет басшысының басқаруымен "Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінде тасқынға қарсы Көксарай су реттегішінің құрылысын салу" атты инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы жайлы кеңес өтті.

ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко өз баяндамасында: "қазір нысанда 63 арнаулы маманданған ұйымның күші шоғырланған. Жұмысшылар саны 2450 адамды құрап отыр, соның ішінде жергілікті тұрғындардан 1935 адам тартылған, 1145 дана арнаулы және 131 қосалқы техника мен жабдық пайдаланылуда",- деді.

Қазір басты және түйіндес су босату құрылғысы, бөгеннің өзі мен әкетуші каналдағы көпірдің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

"Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіндегі ахуалға сәйкес, атқарылған жер қазу жұмыстарының көлемі 32,605 млн текше метрді (80%), монолитті-темірбетонмен жасалатын жұмыстардың көлемі - 93,5 мың текше метрді (82%), тұрғызылған болат шпунтты және темірбетон свайлар - 1553 дананы (100%) құрады", -делінген хабарламада.

В. Божко президентті Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегі белгіленген мерзімде - 2010 жылдың 1-қаңтарына дейін аяқталады деп сендірді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Көксарай су реттегішінің су қабылдау, оны реттеу мүмкіндігі 1 млрд текше метрге жеткізілмек. Көксарай су тоспасының жалпы көлемі 466 млрд шаршы метр болмақ. Аталмыш жобаның жалпы құны 52,2 млрд теңгені құрайды. Нысан су тасқынынан жыл сайын зардап шегіп, бірнеше жүздеген миллиард теңгені құрдымға жіберуге мәжбүр еткен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің жылдар бойы қордаланған проблемаларын түпкілікті шешетін болады. Жобаның арқасында Қазақстан көрші республикаларға су тәуелділігінен арылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны