10.10.2012, 10:51 2793

Қазақстан президенті "Лукойл" ААҚ президентімен компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметін талқылады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстанның мұнай өндіру секторындағы "Лукойл" компаниясының инвестициялық қызметінің мәселесі мен "ҚазМұнайГаз" АҚ-мен ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

Мәскеу. 10-қазан. Kazakhstan Today - Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында "Лукойл" ААҚ президенті Вагит Алекперовты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстанның мұнай өндіру секторындағы "Лукойл" компаниясының инвестициялық қызметінің мәселесі мен "ҚазМұнайГаз" АҚ-мен ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

В.Алекперов сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты біздің елдің батысындағы мұнайгаз саласындағы ірі индустриялық жобаларды іске асыру туралы хабардар етті.

"Лукойл" ААҚ Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Компания 7 өндіруші жобаға, сондай-ақ Қазақстандағы ірі ресейлік инвестордың бірінен саналатын Каспий құбыры консорциумына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны