12.05.2008, 12:48 1655

Қазақстан президенті мәдениет және ақпарат министрі мен Қызылорда облысының жаңа әкімін тағайындады

Қазақстан президенті мәдениет және ақпарат министрі мен Қызылорда облысының жаңа әкімін тағайындады

Қызылорда. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін мәдениет және ақпарат министрі мен Қызылорда облысының жаңа әкімін тағайындады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мұхтар Құл-Мұхаммед әкім қызметін ойдағылай атқарды, бірақ ол маған қажет, сол себепті мен оны өз жаныма қайтарып алдым", - деді Н. Назарбаев. М. Құл-Мұхаммед мәдениет және ақпарат министрлігін басқарумен бірге ҚР вице-премьері қызметіне тағайындалады, деп хабарлады агенттікке президент әкімшілігіндегі ақпарат көзі.

М. Кұл-Мұхаммед түрлі жылдарда парламент депутаты, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы және кеңесшісі, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

Қызылорда облысының жаңа әкімі болып Болатбек Қуандықов тағайындалды, ол бұған дейін Ұлттық банкте, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі салалық органдардың шығынын жоспарлау департаментінің директоры, төтенше жағдайлар вице-министрі, президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны