17.04.2009, 18:14 3031

Қазақстан президенті мемлекет басшыларының арасынан бірінші болып "Хайнаньның құрметті азаматы" атағымен марапатталды

Қазақстан президенті мемлекет басшыларының арасынан бірінші болып "Хайнаньның құрметті азаматы" атағымен марапатталды

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының арасынан бірінші болып "Хайнаньның құрметті азаматы" атағымен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Бао Азия форумының жыл сайын өтетін конференциясының жұмысына қатысу үшін Қытай аралында орналасқан Хайнань провинциясындағы Санья қаласына келді.

Мұнда Хайнань провинциясының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты "Хайнаньның құрметті азаматы" атағымен марапаттаған салтанатты рәсім өтті. Қазақстан президенті осы құрметті атаққа ие болған алғашқы шетел лидері болып отыр. Мемлекет басшысына символдық "Достық кілті" табыс етілді.

Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүргізуде, белсенді және байыпты сыртқы саяси бағытты жүзеге асыруда Астана мен Бейжіңнің көзқарастары ұқсас болып келетіндігі атап өтілді. Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігін дамытудың жай-күйі мен перспективасын жоғары бағалай келе, Қазақстан президенті мен ҚХР vемлекеттік кеңесінің премьері кешенді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейтуді жалғастыруға келісті.

Тараптар отын-энергетикалық және инфрақұрылымдық салалардағы өзара іс-қимылдың маңызына, өзара сауданың оң қарқынына тоқталды. 2008 жылғы 9 сәуірде ҚР мен ҚХР экономиканың шикізат емес секторындағы ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Аталған іс-шаралар жоспары екі ел арасындағы тауар айналымы құрылымын кеңейтуге, тауар айналымын әртараптандыру жөніндегі бірлескен шараларды қабылдауға, екіжақты сауда саласында жоғары технологиялық және бағасы жоғары өнімдердің үлесін арттыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны