30.10.2007, 18:04 3190

Қазақстан президенті мен Азия даму банкінің басшысы өзара ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқылады

Қазақстан президенті мен Азия даму банкінің басшысы өзара ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқылады

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Азия даму банкінің президенті Харухико Курода өзара ынтымақтастықтың келешегі жайлы талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ықпалдастық жайлы талқыладық, соның ішінде біздің жеке меншік секторда атқарып жатқан жұмыстарымыз бен шараларымыз жайлы сөз қозғалды", -деді Азия даму банкінің президенті Қазақстан президентімен кездесуден кейін өткен брифингте. "Атап айтсақ, біз өзара ынтымақтастықтың келешегін айқындауға тырыстық", - деді ол.

Х. Куроданың айтуынша, келіссөздер барысында тараптар сонымен қатар аймақтық ынтымақтастық, соның ішінде ЦАРЕС аясындағы ынтымақтастықтың жайын да талқылады. "Біз өңірдегі интеграциялық процестерде Қазақстанның атқаратын роліне жоғары баға берумен бірге ЦАРЕС-ке қатысты Қазақстанның оң көзқарасын да бағалаймыз", - деді ол.

Азия даму банкі 1994 жылдан бері ауылшаруашылығы, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, көлік инфрақұрылымын дамыту, Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету салалары бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға белсене қатысып келеді. Жалпы алғанда осы кезеңде республика аумағында Азия даму банкімен бірлесе 8 жоба жүзеге асырылды. Банк бөлген жалпы несие көлемі 377 млн долларды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны