12.09.2011, 09:15 3351

Қазақстан президенті мен Джон Ордвей екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесін талқылады

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдаған.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті мен Джон Ордвей екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдаған.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

"Көп жылдан бері Қазақстан Америка Құрама Штаттарының стратегиялық серіктесі болып табылады. Біз өткен жылы республиканың ЕҚЫҰ-ға төрағалығына қолдау көрсеттік және сіздердің елдеріңіздің ИЫҰ-ға төрағалығын да қолдаймыз. Қазақстан біз үшін өте маңызды серіктес. Халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша, оның ішінде лаңкестікке және таратпауға қарсы іс-қимылдар туралы біздің пікірлеріміз бен мүдделеріміз ұқсас", - деді Дж.Ордвей Президентпен кездесуден кейін, журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны