20.01.2009, 17:08 2767

Қазақстан президенті мен француз сенаторы екі жақты қарым-қатынас пен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Қазақстан президенті мен француз сенаторы екі жақты қарым-қатынас пен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Астана. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция парламенті сенатының депутаты, "Франция-Қазақстан" Достық тобының арнайы өкілі Эмери де Монтескью екі жақты қарым-қатынас пен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор Франция президенті Николя Саркозидің ауызша мәлімдемесін жеткізді. Франция президенті алдағы көктемде Қазақстанға сапармен келеді.

Эмери де Монтескью брифингте бүгінгі кездесуде басқа да халықаралық мәселелер, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікке қатысты мәселелер қаралғанын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны