31.03.2009, 16:31 6402

Қазақстан президенті мен Канада үкіметінің бұрынғы басшысы екі жақты сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан президенті мен Канада үкіметінің бұрынғы басшысы екі жақты сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Канада үкіметінің бұрынғы басшысы Жан Кретьенмен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесуде екі жақты сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жан Кретьеннің атап өткеніндей, Қазақстан мен Канаданың ұқсастығы көп. Екі елдің де экономикалық әлеуеті үлкен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Канада үкіметінің бұрынғы басшысы дағдарыстан гүлденген мемлекет ретінде шығу мүмкіндігі жөнінде президентпен пікірлес.

"Жаңаша экономикалық мүмкіндіктерді пайдалана бастау қажет. Жаңа жобаларды бастайтын ұрымтал тұс - осы. Бүгінгі шығындар осыдан бірнеше жыл бұрынғыдан біршама төмен. Біз Қазақстан президентімен көптеген салалар бойынша ынтымақтастық жайлы әңгімелестік. Қазақстан мен Канада бірлесіп жұмыс істей алады және бұл - Қазақстан экономикасы үшін жақсы нышан", - деді Жан Кретьен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны