20.05.2014, 21:38 2730

Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасы Ляньюньган теңіз портындағы логистикалық терминал құрылысының басталу рәсіміне қатысты

Ляньюньган порты - дамыған көлік инфрақұрылымы бар, әлемнің 25 ірі портының бірі саналады. Қазақстан-Қытай терминалының құрылысына бөлінген жүк тиеу аймағы - 21,6 га.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Президенті мен ҚХР Төрағасы Ляньюньган теңіз портындағы логистикалық терминал құрылысының басталу рәсіміне қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары телекөпір режімінде қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың бірінші кезегінің ашылуын бастап берді.

Ляньюньган порты - дамыған көлік инфрақұрылымы бар, әлемнің 25 ірі портының бірі саналады. Қазақстан-Қытай терминалының құрылысына бөлінген жүк тиеу аймағы - 21,6 га.

Терминал құрылысы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, Австралияға және Канадаға жіберілетін, сондай-ақ осы елдерден келетін қазақстандық транзиттік жүктерді сұрыптау және ауыстырып тиеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастардағы көліктің барлық түріндегі тасымалдаушыларға толыққанды қызмет көрсететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны